«Жол машиналары» зауыты Қазақстан
ru / en / es / fr / kz
Прайсты алу Қоңырауға тапсырыс беру
+7-717-272-75-10 Қазақстан: техниканы сату 8-800-333-91-95 Ресей: техниканы сату

«Жол машиналары» зауыты» ЖШҚ

«Жол машиналары» зауыты ЖШҚ – 20 жылдан астам уақыттан бері құрылыс, жол-құрылыс, муниципалдық салалар үшін, сондай-ақ ҚТҚ мен КҚҚ кәдеге жарату саласына арналған мамандандырылған техниканы жасау және шығарумен айналысып келе жатқан, толық технологиялық циклдағы заманауи ресейлік машинажасау кәсіпорны.

Кәсіпорынның негізгі қызмет бағыты:

«Жол машиналары» зауыты аса ірі ресейлік жол-құрылыс және коммуналдық техника өндірушілердің тізіміне енгізілген және жол катоктарын өндіру мөлшері бойынша Ресейде 1-ші орын алады. Бүгінде зауыт желісінде автомагистральдардағы, қала көшелері мен аяқжолдардағы қара жолдар мен асфальтты төсемдерді нығыздауға арналған 600 кг-дан 20 тоннаға дейінгі жол және топырақ катоктарының барлық түрлері ұсынылған. DM маркалы катоктардың үлгілері сенімді, басқарылуы оңай, қызмет көрсетуге жеңіл, сондай-ақ пайдалану шығындарының аздығымен сипатталады.

«Жол машиналары» зауыты өз клиенттері мен серіктестеріне жан-жақты техникалық қолдау көрсетеді және жабдықты пайдаланудың кепілдік те, кепілдіктен кейінгі де кезеңдерінде сервистік қызметтерін ұсынады. Дилерлік желілердің дамығандығының арқасында машиналарды Ресей мен ТМД елдерінің барлық дерлік аймақтарынан сатып алуға және қызмет көрсетуге болады. Дилерлік орталықтардың штатында техниканы пайдалану аймақтарында оған сатылымнан кейінгі қызмет көрсетуді өз бетінше жүзеге асыратын және білікті мамандар бар.

«Жол машиналары» зауыты» ЖШҚ бүкіл Ресей аумағында: Дағыстанның биік таулы аудандарынан Арктикаға дейін, Мурманскіден Магаданға дейін, сондай-ақ ТМД елдері мен алыс шетелдерде де жұмыс істейді.

Бөлісіңіз: